Дания цифрлық ковид-паспорттарды енгізбек
Салынған уақыты 15.02.2021 09:58
TV2 телекомпаниясының хабарлауынша, Дания билігі бизнес-қауымдастықпен вакцинация туралы ақпаратты қамтитын цифрлық ковид паспорттарын енгізу туралы келісті.
Биліктің пікірінше, бұл жаңалық елдегі іскерлік өмірді тезірек қалпына келтіруге көмектеседі және болашақта Дания экономикасын қолдайды. Айта кетейік, бизнесмендер қазірдің өзінде жол жүру мүмкіндігіне ие болуы керек және оларға ковид-паспорт көмектеседі.
Дания Қаржы министрлігі мұндай құжаттар үш-төрт айдың ішінде пайда болатынын және бұл Дания шекараларының біртіндеп ашылуын білдіреді.
2860