ruenkz

Қытайлық әуежайда алғашқы рет әлемдегі ең ірі жолаушылар ағыны тіркелді

Салынған уақыты 10.02.2021 16:02

Гуанчжоу Байюн халықаралық әуежайы қатарынан 22 жыл бірінші орында болған бұрынғы көшбасшы Атланта әуежайын басып озып, 2020 жылы әлемдегі ең үлкен жолаушылар тасымалы орындалған әуежай болды. Байюн әуежайының мәліметінше, 2020 жылы жыл сайынғы жолаушылар ағыны 43,76 миллион адамды құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 40 пайызға аз деп хабарлайды Dknews порталы.

Алайда, Қытайда қолданылған індеттің алдын алу және коронавируспен күресудің тиімді әдісінің арқасында Байюн әуежайы әлемдік рейтингте 11-орыннан бірінші орынға көтерілді. Атланта әуежайының мәліметі бойынша 2020 жылы жолаушылар айналымы 42,91 миллион адамды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 61,17 пайызға төмен.

2019 жылы әуежайлардың жолаушылар ағынының әлемдік рейтингісінде көшбасшылар бестігіне Атланта әуежайы, Пекиндегі Шоуду әуежайы, Лос-Анджелес әуежайы, Дубай әуежайы және Токионың Ханэда әуежайы кірді. Сонымен қатар, Атланта әуежайы мен Пекиндегі Шоуду әуежайында жолаушылар саны 100 миллионнан асты.

3002