ruenkz

Boeing облигацияларын 9,8 миллиард долларға сатты

Салынған уақыты 10.02.2021 10:31

Әлемдік авиациялық, ғарыштық және әскери техниканы ірі өндірушілердің бірі америкалық Boeing концерні облигациялардың үш траншын орналастыру есебінен корпоративтік облигациялар нарығындағы 9,825 млрд долларды тартты. Алынған қаржыландыру берешекті өтеу үшін пайдаланылатын болады деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Компания коронавирустық пандемия кезінде тартылған 13,8 миллиард доллар несиенің бір бөлігін төлеуге ниетті. Қаржыландыру Boeing-ке компанияның коронавирустық пандемияға байланысты әуе рейстеріне қойылған шектеулер мен екі апатқа байланысты 737 MAX ұшақтарының рейстерін екі жылға тоқтата тұру сияқты қос соққыдан соң қалпына келуге деген ұмтылысы аясында көп мүмкіндіктер бермек.

2020 жылдың қараша айынан бастап АҚШ Федералды азаматтық авиация басқармасы (FAA) Boeing-ке осы ұшақтарды пайдалануға беруге рұқсат бергеннен кейін компания клиенттерге 40-тан астам 737 MAX ұшағын жеткізді, ал бес авиакомпания қаңтарда рейстерін қайта орындай бастады.

2946