ruenkz

Рим әуежайында коронавируспен ауырған адамдарды таба алатын иттерді дайындап жатыр

Салынған уақыты 09.02.2021 09:10

Italpol Рим қаласындағы Фьюмичино әуежайында өзі дайындаған қызметтік иттердің COVID-19 коронавирусын жұқтырған жолаушыларды қалай анықтай алатындығын көрсетті деп хабарлайды Интерфакс.

Компания иттердің жұмысын әуежайдың ұшып келу аймағындағы терминалдардың бірінде көрсетті. Болашақта бұл иттерді демонстрацияларда емес, нақты жолаушылармен жұмыс жасау үшін пайдалану жоспарлануда. Italpol итке COVID-19 жұқтырған адамдарды анықтауға үйрету үшін алты-сегіз апта кететінін түсіндірді. Бұл әдістің артықшылықтарының бірі – ит науқастанған адамды симптомдары болмаса да тез анықтай алады.

Адамның коронавируспен ауыратындығын анықтау үшін иттерді пайдалану тың идея емес: оны тек Италияда ғана емес, сонымен қатар Франция мен Финляндиядағы кинологтар да қолданып көрді. Итті үйретудегі принцип – иіс сезу қабілеті жоғары иттердің COVID-19 жұқтырған адамдарда болатын ерекше иісті бірден байқауы. Кионологтің міндеті иттің дәл осы иісті сезіп,  науқасы бар болуы мүмкін адамның анықталғаны туралы ескерте алуына қол жеткізу болып табылады.

2953