ruenkz

Кәсіпорынның авиадиспетчерлер қатарын лайықты ізбасарлармен толықтыру!

Салынған уақыты 08.02.2021 08:36

«Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығы өндірістік сала мамандарын кәсіби даярлаудағы Кәсіпорын қажеттіліктерін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.

2021 жылғы 29 қаңтарда ӘҚҚ диспетчерлерін бастапқы даярлау бойынша 24-топтың тыңдаушылары оқуын аяқтады. Бұл топты дайындау ел мен бүкіл әлем үшін қиын болған пандемия кезінде жүргізілді, оқу барысында курс тыңдаушылары кейде қашықтықтан оқуға мәжбүр болды. Бірақ бұл тәжірибе Кәсіби дайындау орталығына оқу-әдістемелік материалдардың өз кітапханасын құрылымдап, оны жүргізуге мүмкіндік беретін, орталық тыңдаушыларын қашықтықтан оқытуға арналған оқу платформасын әзірлеуге және енгізуге мүмкіндік берді.

Курс бағдарламасын тыңдаушылар сәтті аяқтады, жаттығу құрылғысындағы қорытынды дайындық нәтижелері де өте жақсы. Барлық тыңдаушылар ағылшын тілінің жұмыс деңгейіне жетті.

Бұл топтың ерекшелігі – ұзақ уақыт ішінде алғаш рет екі қыз бала Касенкова Марина мен Тұрдыақынова Маржан барлық теориялық пәндер мен практикалық жаттығулар бойынша орташа 5 деген балл алып, тамаша дайындық нәтижесін көрсетті.

Тыңдаушыларымызға жұмысында табысқа жетіп, апатсыз жағдайда жұмыс істеуін тілейміз! Жолдарыңыз болсын!

250