Қазақстан Мәскеуге ұшатын рейстердің санын көбейтеді
Салынған уақыты 05.02.2021 09:54
«Air Astana авиакомпаниясы Қазақстаннан Ресей астанасына ұшатын рейстердің санын көбейтуде» деп хабарлайды «NewTimes.kz» АА авиатасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нұр-Сұлтаннан Домодедовоға аптасына екі рет сәрсенбі және жексенбі күндері ұшуға болады. 5 ақпаннан бастап әр жұма сайын Алматыдан Мәскеуге тікелей рейс қайта ұшып бастайтын болады.
Авиакомпания Ресейге кіруге тек Ресей мен Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ Ресей Федерациясында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға рұқсат етілгенін еске салды. Ресейге келетін барлық шетелдік азаматтар (ҚР азаматтарын қоса алғанда және ҚР немесе РФ-да тұруға ықтиярхаты бар) сауалнаманы толтырып, рейстен 3 күн бұрын алған ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы өзімен бірге алып жүруге тиіс.
Ресей Федерациясына келетін транзиттік жолаушылар ешқандай шектеулерсіз, бірақ соңғы баратын елдің талаптарын ескере отырып қабылданады. Транзиттік жолаушылар үшін ПТР тесті міндетті, оның қолданылу мерзімі жоғарыда көрсетілгендей болуға тиіс, ал транзиттік аймақта болуға рұқсат етілген уақыт – ең көп дегенде 24 сағат.
2722