ruenkz

Singapore Airlines өз қызметкерлерін қадағалау құрылғыларын орнатпақшы

Салынған уақыты 04.02.2021 14:50

COVID-19 таралуын болдырмау үшін Singapore Airlines басшылығы өз қызметкерлерін бақылауды күшейтуде. Авиакомпанияның ұшу экипажы басқа елдерде болған кезде бақылау құрылғысын өзімен алып жүруі керек екен деп хабарлайды Tengritravel.kz Travel Daily Media-ға сілтеме жасай отырып.

БАҚ-тың хабарлауынша, бұл қызметкерлердің демалыс кезінде қонақ үй бөлмесінен шықпау жөніндегі талапты орындауына көз жеткізу үшін жасалады. Сондай-ақ, межелі жерге келген кезде авиакомпания қызметкерлеріне бір-бірімен физикалық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Бұл ережелер 2021 жылға дейін күшіне енген Сингапур азаматтық авиация әкімшілігінің (CAAS) жаңа талаптарына қосымша болып табылады.

Ұшақ бортында қызметкерлер міндетті түрде бетперде, қорғаныш көзілдірік және қолғап киеді. Қызметкерлер ұшу алдындағы нұсқама беру кезінде, әуежайға бара жатқанда және кері қайтып келе жатқан кезде әлеуметтік қашықтықты сақтауға тиіс. Ереже бойынша, экипаж мүшелері Сингапурға оралғаннан кейін бірден үйге кетеді. Егер олар жоғары қауіпті айиақтан келсе, онда кем дегенде жеті күн оқшаулануы керек. Сонымен қатар, қызметкерлер үш ПТР тестісінн тапсырады – біреуі келген кезде, екіншісі үш күннен кейін, ал соңғысы бір апта өткен соң.

3088