Тікұшақ индустриясының әлемдегі ең ірі көрмесі өтпейтін болды
Салынған уақыты 04.02.2021 08:45
«Халықаралық тікұшақ қауымдастығы (HAI) 22-25 наурызға жоспарланған Жаңа Орлеандағы (АҚШ) тікұшақ индустриясы өкілдерінің ең ірі Heli-Expo 2021 халықаралық форумын өткізбеу туралы «күрделі шешім» қабылдады. Қауымдастық президенті Джеймс Виола іс-шараны тоқтатқаны үшін кешірім сұрады» деп хабарлайды АТО порталы.
Бұған дейін Британдық HeliOffshore Лиссабонда (Португалия) сәуір айына жоспарланған жыл сайынғы конференцияны өткізбеу жөнінде шешім қабылдаған болатын. Ол виртуалды түрде мамыр айында өтеді.
Өткен жылдың соңында Paris Air Show ұйымдастырушылары 2021 жылы Ле-Буржадағы әлемдегі ең ірі әуе шоуының өткізілуін COVID-19 пандемиясымен байланысты туындаған белгісіздік салдарынан және аэроғарыш саласына бұрын-соңды болмаған әсер еткен дағдарысқа байланысты тоқтатты. 54-авиасалон 21-27 маусым аралығында өтуге тиіс болған.
Таяу Шығыс және Солтүстік Африка іскерлік авиация қауымдастығы (MEBAA) аймақтағы көпке мәлім MEBAA Show көрмесін 2021 жылдың ақпан айының соңына ауыстырды.
2921