ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Орталық Қазақстан филиалы ӘҚҚ қызметінің тәжірибелі маманы Фарид Вазихович Шагиевті құрметті демалысқа салтанатты түрде шығарып салды

Салынған уақыты 03.02.2021 14:25

2021 жылғы 01 ақпан күні «Қазаэронавигация» РМК «ОҚ ӘҚҰ ӨО» филиалының ұжымы ӘҚҚ қызметінің тәжірибелі маманы Фарид Вазихович Шагиевті құрметті демалысқа салтанатты түрде шығарып салды. Бұл күннің Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясының 90 жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар. Фарид Вазихович 46 жыл бойы азаматтық авиация жүйесінде ұзақ әрі мағыналы еңбек жолын жүріп өтті. Рига азаматтық авиация ұшу-техникалық училищесін бітіріп, кейіннен Ленинград қаласындағ Ленин орденді Азаматтық авиация академиясын тәмамдаған ол еңбек жолын Талдықорған Біріккен авиаотрядында қозғалыс қызметінің диспетчері ретінде бастады. «Қазаэронавигация» РМК «ОҚ ӘҚҰ ӨО» филиалында диспетчерден бастап, әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің әуеайлақтық диспетчерлік орталығының бастығына дейінгі барлық сатылардан өтті. Өз ісінің майталманы, еліміздің әуе қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жылдар бойы қызмет етті. ӘҚҚ қызметінің диспетчерлік жаттығу орталығының диспетчер-нұсқаушысы ретінде жас диспетчерлермен өзінің мол тәжірибесімен бөлісті, оларға авиадиспетчер мамандығының қыр-сырын үйретті.  

Сізге біздің кәсіпорынның дамуына қосқан зор үлесіңіз үшін шын жүректен алғыс білдіруге және мықты денсаулық пен отбасыңызға береке-бірлік тілеуге рұқсат етіңіз!

321