ruenkz

Америкалық әуежай әлеуметтік қашықтықты бақылау жүйесін іске қоспақ

Салынған уақыты 03.02.2021 08:58

Балтимор/Вашингтон әуежайы (BWI) тексеру пункттерінде әлеуметтік қашықтық талаптарының сақталуын бақылау үшін инновациялық технологияларды енгізу бойынша пилоттық жобаның іске қосылғаны туралы хабарлады. Қашықтықты анықтау мен өлшеудің лазерлік жүйесін (лидар) және арнайы бағдарламалық жасақтаманы қамтитын жобаны технологиялық қолдауды әуежайдың серіктесі — CrowdVision компаниясы жүзеге асырады.

Технологиялар жолаушылар мен багажды тексеру аймағында физикалық қашықтықты сақтау туралы ақпаратты бақылауға, талдауға және ұсынуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жүйе клиенттерге олардың арасындағы қашықтық жөнінде хабарлайды және оның сақталмауы туралы ескертеді. BWI мәліметтері бойынша, лидар технологиясына негізделген сенсорлар адамдардың санын анықтау, жылдамдықты өлшеу және қозғалыс бағытын анықтау арқылы тексеру аймағындағы жолаушылардың қозғалысын талдап отырады.

Әлеуметтік қашықтықты бақылау үшін CrowdVision технологиясын қолданатын әуежайларға Лондон қаласы, Майами халықаралық әуежайы, Джон Кеннеди атындағы Нью-Йорк әуежайы және басқалар кіреді.

2983