ruenkz

Алғаш рет Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік қызметінің күні атап өтілді

Салынған уақыты 02.02.2021 15:26

2021 жылғы 1 ақпанда «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» әуежайлардың, авиакомпаниялардың және «Қазаэронавигация» РМК-ның белсенді қатысуымен Азаматтық авиация Авиациялық қауіпсіздік қызметінің құрылғанына 30 жыл және Қазақстан Республикасы авиакәсіпорындарының АҚҚ қызметкерлерін марапаттау күніне арналған бейнеконференц байланыс арқылы онлайн режимінде салтанатты іс-шара өткізілді. 

Кеңесте авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша өткен жылдың қорытындылары жасалды, әуежайлар мен авиакомпаниялардың баяндамалары тыңдалып, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ авиациялық қауіпсіздік департаментінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарлары айтылды. 

Қызмет нәтижелері бойынша «Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің» 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 00.44 НҚ шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласындағы авиациялық қауіпсіздік қызметінің ерекше көзге түскен қызметкерлері марапатталды. 

164