ruenkz

FlyArystan бес жаңа авиарейсті іске қосуды жоспарлап отыр

Салынған уақыты 02.02.2021 08:49

«Flyarystan лоукостері 2021 жылдың наурыз айында бес жаңа авиарейсті іске қосуды жоспарлап отыр. Ақтау, Атырау және Шымкенттен тікелей рейстер қатынайтын болады» деп хабарлайды Tengritravel.kz авиакомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Авиатасымалдаушының өкілдері хабарлағандай, FlyArystan наурыз айында өзінің әуе паркін сегіз Airbus A320 авиалайнеріне дейін көбейтпек. Бұл маршруттық желіні кеңейтіп, мынадай бес жаңа бағытты қосуға мүмкіндік береді: Ақтау-Қызылорда-Ақтау; Атырау - Түркістан – Атырау; Шымкент - Орал - Шымкент; Шымкент - Ақтөбе – Шымкент; Шымкент - Семей – Шымкент. Жаңа маршруттарға билеттердің бағасы бір жаққа ұшу үшін 7 999 теңгеден басталады, оған салмағы 5 килограмнан аспайтын бір қол жүгі және борттағы кездейсоқ таңдап алынған орын кіреді. Билеттерге мобильді қосымша мен flyarystan.com. сайты арқылы бронь жасауға болады.

Еске салып өтейік, лоукостер бұған дейін COVID шектеулеріне байланысты тоқтатылған тоғыз бағытты қайта іске қосқан болатын. Осылайша, бүгінгі таңда жолаушыларға 34 бағыт бойынша ұшу сапары ұсынылып отыр.

121