Таяу Шығыс тасымалдаушылары IATA ұсынған Travel Pass-пен жұмыс істеуді бастайды
Салынған уақыты 01.02.2021 09:58
Emirates және Etihad Airways жолаушыларға өз сапарларын ПТР тестілеу немесе COVID-19 вакцинациясы талаптарына сәйкес ұйымдастыруға көмектесетін мобильді қосымша болып табылатын IATA Travel Pass жүйесімен жұмыс істеп бастағанын хабарлады деп мәлемдеді АТО.
Жолаушылар қосымшада ПТР-тесті немесе вакцинацияның межелі пункттердегі талаптарға сәйкестігін тексеруге мүмкіндік беретін өзінің «цифрлық паспортын» жасай алады. Сондай-ақ, пайдаланушылар уақытты қысқарту және жеке сапарларын жеңілдету үшін билік пен авиакомпанияларға жүргізілген сынақтар немесе вакцинация туралы сертификаттарды тапсыра алады.
Авиакомпанияның әуе қатынасын қалпына келтірудегі тағы бір қадамы –персоналды вакцинациялаудың жарияланған бағдарламасы. Вакцинацияны бірінші болып әуежайдағы және ұшақ бортындағы клиенттермен жұмыс істейтін Emirates қызметкерлері, оның ішінде бортсеріктер мен ұшқыштар салғызады. Вакцинация үшін БАӘ денсаулық сақтау органдары мақұлдаған Pfizer-BioNTech және қытайлық Sinopharm қолданылады. Сонымен бірге, Etihad Airways жылдың I тоқсанында Абу-Дабиден ұшатын жеке рейстердің жолаушыларына Travel Pass қолдануды ұсынатынын айтты. Егер тәжірибе сәтті өтетін болса, қосымшаны пайдалану БАӘ ұлттық тасымалдаушысының бүкіл маршруттық желісіне қолданылатын болады.
2851