ruenkz

Үндістанда тек әйелдерден тұратын экипаж орындаған рейс жерге сәтті қонды

Салынған уақыты 29.01.2021 14:39

«Air India-ның Сан-Францискодан Бангалорға әйелдер экипажы орындаған ең ұзақ жолаушылар рейсі 11 қаңтарда сәтті аяқталды. Бір қызығы, бұл үндістандық тасымалдаушылар орындаған ең ұзақ тікелей рейс қана емес. Сол күнгі желді ескерген жағдайда, Сан-Франциско – Бангалор бағыты бойынша ұшқан рейстің жалпы уақыты 17 сағаттан асып түсті. Боинг бортындағы экипаж әуе кемесінің командирінен бастап стюардессаға дейін толықтай әйелдерден болды» деп хабарлайды Туризм порталы.

Әлемнің қарама-қарсы екі жағында орналасқан қос қала арасындағы қашықтық 13 993 км құрайды және ұшу кезінде уақыт белдеулері 13,5 сағатқа өзгереді. Бұл ерекше рейстің тағы бір ерекшелігі бар — ұшу маршруты Жердің Солтүстік полюсінің үстіне өтті. Өздеріңіз білетіндей, әлемде полюстер аймағында орналасқан авиатрассалар жоқтың қасы. Мұның себебі – навигациялық құрылғылардың дұрыс жұмыс істемеуіне әкелетін күшті магниттік сәуле, сонымен қатар радиация деңгейінің жоғары болуы.

AI 176 рейсі сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 20.30-да Сан-Францискодан (АҚШ) ұшып шығып, 11 қаңтарда таңғы сағат 3.45-те Бенгалуру халықаралық әуежайына (BLR) қонды. Рейс сыйымдылығы 238 орындық Boeing 777-200LR ұшағымен орындалды. Бортта 4 ұшқыш және 12 бортсерік болды.

2999