ruenkz

Оңтүстік Кореялық авиакомпания банкроттықтан қорғау туалы өтініш берді

Салынған уақыты 29.01.2021 10:04

Оңтүстік Кореялық Еastar Jet лоукост-авиакомпаниясы өзінің қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында сот арқылы банкроттық бойынша оңалту процедурасын іске қосты.

Сотқа жүгінгенге дейін авиакомпания инвесторларды табуға тырысты, бірақ қазіргі уақытта жаңа иеленушілерді сот шешімі бойынша қайта құрылымдау процесі арқылы іздейді, оның барысында компаниялар несие берушілерден қорғауды қамтамасыз ететін болады деп хабарлайды Reuters.

Eastar Jet рейстерді 2020 жылдың наурыз айында тоқтатты және штаттың көп бөлігін қысқартты. 18 тар фюзеляжды ұшақтан тұратын қолданыстағы парктен 5-тен 7-ге дейін ӘК пайдалануда қалады, қалғандары лизинг берушілерге қайтарылады.

Авиакомпанияның жаңа иелерін табу әрекеттері өткен жылдың шілдесінен бастап жалғасуда. Ол кезде Eastar-дың 51,2% бақылау үлесін оның бәсекелесі – басқа Оңтүстік Кореялық Jeju Air лоукост-тасымалдаушысы сатып алуға тиіс болатын мәміле бұзылғн болатын.

Соңғы бірнеше жылда Оңтүстік Кореяда тарифі төмен тасымалдар нарығы айтарлықтай өсті және бәсекеге қабілетті бола бастады. Кем дегенде төмен бюджеттік модель бойынша рейстерді алты авиакомпания орындайды және тағы үшеуі ұшуға рұқсатты күтіп отыр. Дағдарыс шоғырландыру процестерін ынталандыруы мүмкін: Korean Air ұлттық тасымалдаушысы Asiana авиакомпаниясын сатып алғандықтан, осы тасымалдаушылардың лоукост-бөлімшелері біріктірілуі мүмкін.

3016