Қазақстан Еуропалық азаматтық авиация конференциясына қабылданды
Салынған уақыты 28.01.2021 15:07
Қазақстан Еуропалық азаматтық авиация конференциясының бақылаушысы мәртебесін алып, ТМД елдерінің арасында осы ұйымға қабылданған үшінші мемлекет болды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Еуропалық азаматтық авиация конференциясымен (ЕСАС) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық ұшу қауіпсіздігі, авиациялық оқиғаларды тексеру, авиациялық қауіпсіздік, қоршаған орта және халықаралық азаматтық авиацияның басқа да салаларын қамтиды деп хабарлайды kazlenta.kz.
Қазақстан ECAC-қа Бақылаушы бола отырып, қазақстандық тасымалдаушылардың ұшу қауіпсіздігі, ұшу географиясын кеңейту, қоршаған орта проблемалары, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік мәселелері сияқты жалпыеуропалық деңгейде біздің еліміз үшін бірінші кезектегі маңызы бар мәселелерді талқылау мүмкіндігіне ие болды. Байқаушылар ECAC өткізетін барлық ашық отырыстар мен конференцияларға қатысады.
ЕСАС авиакөлік өндірісінің перспективаларын, авиажолаушылар мен тасымалдаушылардың мүдделерін, қауіпсіздік проблемаларын талқылауға арналған пікірталас алаңы болып табылады. Бұған конференцияның сараптамалық рөлі, оның Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен және Еуропа кеңесімен байланысы, Еуробақылаумен ынтымақтастық, еуропалық EASA ұшу қауіпсіздігі агенттігі тарапынан қолдау және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау ықпалын тигізеді.
3439