Франкфурт әуежайының жолаушылар ағыны 2020 жылы соңғы 36 жыл ішіндегі ең төменгі деңгейге жетті
Салынған уақыты 28.01.2021 08:38
«Франкфурт-на-Майне әуежайы (ГФР) 2020 жылы 18,771 млн жолаушыға қызмет көрсетті, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 73,4%-ға төмен» деп айтылған Fraport оператор-компаниясының баспасөз хабарламасында. Осылайша, ол 1984 жылы соңғы рет орын алғн деңгейге жетті деп мәлімдеді Fraport бас атқарушы директоры Штефан Шульте.
Өткен жылы ұшақтардың ұшу-қону саны 58,7%, яғни 212,235 мыңға дейін төмендеді, Желтоқсанда әуежай қызметін 891,925 млн адам пайдаланды, бұл 2019 жылдың сол айындағы көрсеткіштен 81,7%-ға төмен.
Fraport тобы өзі басқаратын басқа елдердегі әуежайлар туралы мәліметтерді де жариялады. Лимада (Перу) жолаушылар ағыны 70,3% - ға қысқарды және шамамен 7 миллион адамды құрады. Fraport компаниясы 14 әуе айлағын басқаратын Грецияда тасымалдардың 71,4%, яғни 8,6 млн жолаушыға дейін қысқаруы тіркелді. Анталия әуежайы (Түркия) өткен жылы шамамен 9,7 млн адамға қызмет көрсетті, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 72,6% - ға төмен. Қытайдағы Сиань халықаралық әуежайы 31 миллион жолаушыны қабылдады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 34,2%-ға аз.
2944