2020 жылдың қорытындысы бойынша жолаушылар легі ең көп болған әуежай анықталды
Салынған уақыты 21.01.2021 08:50
Bloomberg мәліметтері бойынша, Стамбул халықаралық әуежайы (IST) 23,4 миллион саяхатшыны тарта отырып, жолаушылар легі ең көп әуежай ретінде 2020 жылғы рейтингті басқарды, деп хабарлайды Tengritravel.kz. Екінші орынды Париж-Шарль-Де-Голль әуежайы иеленді. Бірінші бестікте Амстердам Схипхол әуежайы мен Мәскеу Шереметьево да болды.
Еуропаның әуежайларында трафиктің күрт төмендегені байқалды. Стамбулда мұндай жағдай болмады. Бұған дейін әуе рейстердің азаюы жағынан COVID-19-дан ең аз зардап шеккен Шанхай қаласы екені туралы хабарланған болатын. Бұған Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) рейтингісінің нәтижелері дәлел.
«Бұл ойында жеңімпаздар жоқ, тек аз зардап шеккен ойыншылар бар. Қысқа уақыт ішінде адамдар қарым-қатынасы мен нарықтар тоғысындағы жүз жылдық прогресс жойылды», - деді қауымдастықтың өкілі Себастьян Микош.
3287