ruenkz

Turkish Airlines рейстерінде бетперденің респираторлық түріне тыйым салынды

Салынған уақыты 19.01.2021 09:55

Turkish Airlines авиакомпаниясы жолаушыларға респираторлық бетпердегі тыйым салынғаны туралы ескертті, деп хабарлайды Tengritravel.kz. Turkish Airlines бас директоры Билал Экши өзінің Twitter-дегі аккаунтында түсіндіргендей, мұндай шешім жолаушылардың денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

Респираторлық бетпердеде ауаны тазартуға арналған клапандар бар. Клапан стандартты жағдайда жұмыс істейді: дем алған кезде жабылып, дем шығарған кезде - ашылады.

Осылайша, жолаушы алатын дем сүзгі материалынан өтіп, қоспалардан тазарады. Ал, жолаушы шығаратын дем айналаға ешқандай фильтрациясыз тарайды.

Демек, адам вирус тасымалдаушы болса, ол қандай қорғаныс құралына қарамастан, вирусты басқаларға жұқтыруы мүмкін. Сондықтан, бұл жағдайда кәдімгі медициналық бетперде тиімдірек болады, дейді авиакомпания мамандары.

230