ruenkz

Атырау филиалы объектілеріне кіруді сенімді бақылау

Салынған уақыты 15.01.2021 15:15

«Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалында жаңа 2021 жылдан бастап ғимараттар мен объектілерде авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы, ыңғайлы және тиімді құралбақылау жүйесі және қол жеткізуді басқару (БЖРБ) және өрт дабыл жүйесі жүйелерімен видеобақылау жүйесін (ВБЖ) біріктіру жабдықтары іске қосылды. Бұл бағдарламалық-аппараттық кешен күзетілетін объектіге кіруді автоматты түрде анықтау және рұқсат құқықтарын іске асыру принципіне негізделген. Көп уақыт пен тер төгуді қажет ететін бұл үлкен жұмысты «ASTEL» АҚ мамандарымен бірігіп БЖРБ және ВБЖ жабдықтарынан және компьютер, бағдарламалық қамтамасыз ету, локалды желіге қосу және құрастыру ерекшеліктерінен білімі бар Атырау филиалының РТЖБП қызметінің білікті қызметкерлері атқарды. Филиалдың әкімшілік-техникалық ғимараты кірісіне жаңа үлгідегі турникет орнатылды. Атырау филиалының бірнеше маманы БЖРБ және ВБЖ жүйесінің әрі қарай да сапалы жұмыс жасауы, сауатты басқару, жүйелі бақылау, қажетті регламенттік жұмыстарды уақытында орындау үшін курстан өтті.

535