Эстония әлемдегі ең әдемі паспорттарды беріп бастауды жоспарлап отыр
Салынған уақыты 13.01.2021 09:00
2021 жылдан бастап Эстонияда ерекше дизайны бар жаңа үлгідегі паспорттар шығарылады деп хабарлайды Туристер порталы елдің Полиция және шекара күзеті департаментіне сілтеме жасай отырып. Паспорттардың дизайны Эстонияның табиғатына арналады, дизайнда елдің символдары – құстар, жануарлар мен өсімдіктер қолданылады.
Суреттердің бір бөлігін көзбен көруге болатын болса, енді бірін қолмен ұстап сезуге, ал үшіншісін тек үлкейткіш әйнекпен немесе ультракүлгін сәулемен көруге болады. Ультракүлгін сәулесін түсіргенде құжат беттерінде эстондық табиғаттың түнгі бейнесі – ай, жұлдыздар және солтүстік шұғыласы пайда болады. «Түнгі режимде» мұқабада жаңбыр тамшылары пайда болады, теңіз толқи бастайды, ал аспан көкшіл күлгін түске боялады.
Ведомствоның хабарлауынша, Полиция және шекара күзеті департаменті бастапқыда 800 000-ға жуық құжатқа тапсырыс береді, ал оларды жеткізуге сегіз жылға келісімшарт жасалады: мемлекеттің шығындары мемлекеттік баж салығымен жабылады.
3200