ruenkz

Жаңа лоукостер БАӘ әуежайларынан ұшатын болады

Салынған уақыты 12.01.2021 08:37

«Профи.Тревел» хабарлағандай, Таяу Шығыста жаңа Wizz Air Abu Dhabi лоукостер жұмыс істей бастайды. Оның алғашқы рейсі 15 қаңтарда өтеді, компанияның ұшағы Абу-Дабиден Афинаға (Греция) ұшады.

Бастапқыда Греция астанасына рейс аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері орындалады. 4 ақпаннан бастап лоукостер Абу-Дабиден Салоникиге (Греция) аптасына екі рет жиілікпен ұшады. Болашақта компания маршруттық желіні Александрия, Кутаиси, Ларнака, Одесса және Ереванды қосу арқылы айтарлықтай кеңейтуді жоспарлап отыр. Эпиджағдайдың жақсаруына қарай бұл қалаларға ұшатын рейстер бірте-бірте ашылып отыратын болады.

Қазіргі уақытта жаңа лоукостердің өз флотында төрт A321neo «Эйрбас» лайнері бар, бірақ көп ұзамай ұшақтар паркі осы типтегі тағы бірнеше кемелермен толықтырылады. Wizz Air Abu Dhabi Абу-Даби Даму корпорациясы (ADQ) мен Wizz Air Holdings бірлескен кәсіпорны болып табылады.

149