ruenkz

Amazon жүк флоты 100 ұшаққа жуықтады

Салынған уақыты 11.01.2021 15:06

Американдық электрондық коммерция алыбы Amazon бұрын пайдалануда болған 11 Boeing 767 ұшағын сатып алды. Компания жүк тасымалына деген сұранысты және электрондық коммерцияның өсіп келе жатқан көлемін қанағаттандыру үшін тасымалдау қуатын арттыруда деп хабарлайды АТО порталы.

Жаңа мәмілелер аясында Amazon компаниясы жақында американдық Delta Air Lines паркінен шығарылған жеті В-767-300, сондай-ақ канадалық WestJet авиакомпаниясынан төрт В-767-300 сатып алды. Бұл 11 ұшақ компанияның меншігіне сатып алынған Amazon Air жүк паркіндегі алғашқылардың қатарында. Жеке және лизингке алынған әуе кемелерінің үйлесуі авиакомпанияға электрондық коммерция көлемінің өзгеруіне бейімделе отырып, бизнесті неғұрлым тиімді басқаруға мүмкіндік береді деп атап өтті компания.

Осыған дейін Amazon Air паркінде 80-ден астам айырбасталған Boeing 737 және 767 ұшағы болды. Бұл машиналардың барлығы жалға алынған және оларды серіктес операторлар, соның ішінде Atlas Air, Air Transport International, Southern Airways және Sun Country Airlines авиакомпаниялары пайдаланады. Ұшақ паркі өскен сайын Amazon, сонымен қатар, жер үсті инфрақұрылымын кеңейтуге қаражат салуды жалғастыруда. Өткен жылы Компания Германиядағы Лейпциг/Халле әуежайында халықаралық хабты іске қосты, сондай-ақ аймақтық желіні Чикаго, Лос-Анджелес, Нью-Йорк және Сан-Франциско әуежайларымен толықтырды.

3132