ruenkz

Сарапшылар 2021 жылы авиабилеттер құны қанша болатынын айтты

Салынған уақыты 08.01.2021 09:02

Онлайн-сервис мамандары қазіргі трендтерге талдау жүргізіп, алдағы жылдары ұшулар құнының қалай өзгеретініне болжау жасады, деп хабарлайды РИА новости.

2020 жылы шетелге жол жүру құжаттарының орташа құны өсті. Кейбір айлары өткен жылмен салыстырғанда бірқатар бағыттар бойынша баға екі есе өсті. Мұның себебі коронавирустық пандемияға байланысты үкіметтердің рейстерді шектейтін немесе тыйым салатын шешімдері, дейді сарапшылар. Таяу шетелге саяхат орта есеппен алты пайызға, Еуропаға тоғыз пайызға қымбаттады.

2021 жылы шетелге авиабилеттер арзандамайды және бағалар кем дегенде 2019 жылғы деңгейде сақталады. Сонымен қатар, егер кейбір бағыттар бойынша сапар жасау мүмкін болса, олардың құны әрі қарай өсуі мүмкін.

3238