Montenegro Airlines жұмысын тоқтатты
Салынған уақыты 06.01.2021 08:58
Черногорияның ұлттық әуе тасымалдаушысы Montenegro Airlines 26 желтоқсаннан бастап жұмысын тоқтататынын мәлімдеді. Бұған себеп үкімет тарапынан авиакомпанияны қаржыландырудың тоқтатылуы және мемлекет үшін миллиондаған шығындарға байланысты оны тарату туралы шешімнің қабылдануы болды, деп хабарлайды Туристер порталы.
Тасымалдаушыны сақтап қалудың әртүрлі нұсқалары, оның ішінде оған 150 миллион еуро көлемінде мемлекеттік көмек бөлу талқыланды, бірақ нәтижесінде Черногория билігі Montenegro Airlines-ті таратып, оның орнына жаңа әуе тасымалдаушысын құру туралы шешім қабылдады.
Жаңа тасымалдаушы 2021 жылдың соңына дейін құрылуы мүмкін, жобаны іске асыру құны 50 млн еуроны құрайды, бұл сома осы ұлттық авиакомпанияны қолдау үшін қажетті қаражаттан үш есе аз.
Montenegro Airlines 1994 жылы құрылған. Оның флотында төрт әуе кемесі — үш Embraer 195 және бір Fokker 100 болды. Компания үшін 2019 жыл жағымды жыл болды. Бұл жылы компания жолаушылардың рекордтық санына – 657 300 адамға қызмет көрсетті.
3156