ruenkz

Жаңа 2021 жыл

Салынған уақыты 05.01.2021 13:25

Жаңа 2021 жыл қарсаңында «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалының ұжымы мерекелік көңіл күй қалыптастыру үшін қызметтер мен бөлімдер арасында қабаттарды үздік жаңа жылдық безендіруге байқау өткізді. Байқауға атсалыса отырып, қызметкерлер ұйымшылдықты, шығармашылық идеялары мен қабілеттерін көрсете білді. 

Байқау нәтижесінде бірінші орынды кішкентай ертегі қалашығының үлгісі ретінде бірінші қабатты безендірген «Брифинг» ДП, ӘШБ және Метеорологиялық қызметтің қызметкерлері иеленді.

Екінші орын үшінші қабатты жаңа жылдық ертегі түрінде безендірген РТЖБП қызметі мен ӘҚҚҚ қызметкерлеріне бұйырды.

Ал үшінші орынды Әкімшілік-басқару қызметкерлері иеленді. Олар екінші қабатты фотоаймақ ретінде безендірді.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылды.

595