ruenkz

ДМРЛ объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді

Салынған уақыты 30.12.2020 09:39

«Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалында ағымдағы жылы метеорологиялық қызметтің ДМРЛ объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді.

Объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, периметр шектерін рұқсатсыз бұзу қауіптерін болдырмау және барынша азайту үшін периметрлік қоршау, бейнебақылау камералары және КББЖ (Кіруді бақылау және басқару жүйесі) орнатылды, кәбілді монтаждау жүргізілді.

Сонымен қатар барлық күрделі орындарды оқшаулауды қамтамасыз ету және контейнерлердің ішіне ылғал кіріп кетуден қорғау үшін төменгі және жоғарғы контейнерлердің және антенна ағызғышының саңылаусыздығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. ДМРЛ сыртқы конструкцияларын және метеорологиялық датчиктердің бекіту жабдықтарын сырлау жүргізілді.

3230