Жапондық JAL ковидтен тегін сақтандыруды енгізбекші
Салынған уақыты 23.12.2020 14:46
23 желтоқсаннан бастап жапондық JAL авиакомпаниясы халықаралық рейстердің жолаушылары үшін коронавирусты емдеу, оқшаулау және репатриацияны қамтитын тегін сақтандыру полисін енгізеді деп хабарлайды Интерфакс-Туризм.
«JAL Covid-19» полисін Allianz Travel сақтандыру компаниясы ұсынады. Оған сапар кезінде тестілеуге және оң сынақ нәтижесі болған жағдайда, коронавирусты емдеуге арналған шығындарды 150 мың еуроға дейін өтеу кіреді. Полис JAL бірінші халықаралық рейсі ұшып шыққан сәттен бастап немесе тұрып жатқан еліне қайтып келгенге дейін 31 күн күшін сақтайтын болады. Қызмет 2021 жылдың 30 маусымына дейін ұсынылады.
«Халықаралық әуе қатынасы қалпына келген сайын, JAL компаниялар тобы клиенттерге қауіпсіз саяхатты қамтамасыз ету үшін COVID-19-ға қарсы бірқатар негізгі шараларды қабылдады. Жолаушылар тасымалын жаһандық ауқымда қалпына келтіруге әлі де уақыт қажет болса да, Allianz Travel компаниясының «JAL-Covid 19 Cover» полисі қазір саяхаттауға мұқтаж адамдарға тыныштық сыйлайды деп үміттенеміз», - дейді Japan Airlines жолаушылар сатылымы жөніндегі басқарушы директоры Хидео Ниномия.
2993