Авиакомпаниялардың бизнес-трафигінің 36% мәңгіге жоғалуы мүмкін
Салынған уақыты 23.12.2020 09:23
Сарапшылар тобы жүргізген жаңа зерттеу дағдарысқа дейінгі бизнес-саяхат көлемінің үштен бірінен көбі әуе тасымалы нарығы үшін біржола жоғалуы мүмкін екенін анықтады.
IdeaWorks консалтингтік агенттігі стандартты емес тәсілді қолданды: бизнес-трафиктің тұтас көлемі жеті санатқа бөлінді, содан кейін әртүрлі көздерден алынған мәліметтер бойынша әр санаттың жалпы көлемдегі үлесі анықталды. Әрі қарай сарапшылар санаттардың әрқайсысы сапарлардың орнына цифрлық технологияларды қалай пайдаланатынын және сұраныстың қанша пайызы ұшуға оралмайтынын есептеді. Зерттеу нәтижелері нарық үшін дағдарысқа дейінгі деңгейдің кемінде 19%, ал пессимистік сценарий бойынша – 36% дейін жоғалғанын көрсетті.
Ішкі корпоративтік міндеттер бойынша, атап айтқанда, ішкі кеңестер өткізу үшін іссапарлар санаты ең осал болып шықты — бұл жалпы бизнес-трафиктің 20% жуығы. Зерттеу авторларының пікірінше, болашақта бұл санат 40-60%-ға азаяды, өйткені корпорациялар COVID-19 пандемиясында пайдаланылған технологияларды қолдануға тырысады.
3065