IATA авиациялық персоналды басым тәртіпте COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға шақырады
Салынған уақыты 22.12.2020 14:39
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) үкіметтерге медициналық жұмыскерлер мен қауіп-қатер тобына кіретін адамдардан кейін авиациялық персоналды COVID-19 вакцинасын бірінші кезектегі қабылдаушылар тізіміне енгізуге шақырды деп хабарлайды АТО порталы.
«Біз авиациялық сала қызметкерлерінен тізімнің басында болуын сұрамаймыз, бірақ бізге үкіметтердің вакциналарды тарату жоспарларын жасау кезінде тасымалдау саласындағы қызметкерлерді стратегиялық маңызды персонал ретінде қарастыруы маңызды. COVID-19 вакциналарын тасымалдау басталды және есептеулер көрсеткендей, ғаламдық тарату үшін 8 мың Boeing 747 ұшағына тең жүк тасымалы қажет болады. Сондықтан логистикалық тізбектің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ете алатын білікті персоналдың болуы өте маңызды»,— деп түсіндірді IATA бас директоры Александр де Жюньяк.
IATA қауымдастығының ұстанымы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) вакциналарды бөлу кезінде басымдықтарды тағайындау жөніндегі ұсыныстарымен байланысты екенін айтады. ДДҰ-ның 13 қарашадағы тиісті құжатында көлік қызметкерлері вакциналардың қолжетімділік деңгейі «орташа» болған кезде, полиция қызметкерлері, муниципалды қызметкерлер, ауылшаруашылық кәсіпорындарының қызметкерлері сияқты басқа да басым кәсіптердің өкілдерімен бірге вакцинациядан өтуі керек делінген.
3002