ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК «ОШ ӘҚҰ ОО» филиалының «Боралдай» алыс жердегі орнында мобильді ғимарат пайдалануға берілді

Салынған уақыты 22.12.2020 08:25

«Қазаэронавигация» РМК «ОШ ӘҚҰ ӨО» филиалының «Боралдай» алыс жердегі орнында 2020 жылғы 25 қарашадан бастап жалпы ауданы 213.96 ш.м. болатын мобильді ғимарат пайдалануға берілді.

Ғимаратта әуе кемелері экипаждарының ұшу алдындағы консультациясына арналған    «Брифинг» диспетчерлік пункті персоналының жұмыс орындары бар.

Бұдан басқа, мобильді ғимаратқа әкімшілік мақсаттағы кабинеттер, ӘҚҚ талдау сыныбы, алыс жердегі орын мен персоналдың өндірістік мұқтаждықтарына арналған қойма, шаруашылық және тұрмыстық үй-жайлар кіреді.

Мобильді ғимаратта жалпы ауа баптау және желдету, жалпы электрмен жылыту, ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелері, сондай-ақ әуе кемелерінің персоналы мен экипаждары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін өзге де инфрақұрылымдық коммуникациялар көзделген.

Ашылу салтанатына «Альтаир-Эйр» ЖШС, «Бурундай-Авиа» ЖШС басшылығы, 2177 әскери бөлімінің, FALCON а/к өкілдері және басқалар қатысты.

280