ruenkz

Air Astana Мальдив аралдарына сұраныстың жоғары екендігін көрсетіп отыр

Салынған уақыты 21.12.2020 09:19

Air Astana авиакомпаниясы Қазақстаннан Мальдивке ұшатын рейстердің жиілігін болжамды мерзімнен бұрын арттырады. 5 желтоқсанда авиакомпания Алматыдан Малеге алғашқы рейсін жасады, максималды сыйымдылығы 166 орындық бортта 151 жолаушы болды деп жазады Интерфакс-Қазақстан

«Алдағы рейстердің де жүктемесі 90%-дан асады. Жоғары сұранысқа байланысты болжамды мерзімнен бұрын 14 желтоқсаннан бастап (дүйсенбі сайын) енгізіледі және 18 қаңтарға дейін қосымша үшінші жиілік қолданылады», - делінген компания хабарламасында.

16 желтоқсаннан бастап 16 қаңтарға дейін рейстер Boeing 767 кең фюзеляжды ұшағымен орындалатын болады. Мальдив Республикасына кіру үшін ағылшын тілінде теріс нәтижесі бар ПТР тест анықтамасы қажет. Материал алынған сәттен бастап рейстің кесте бойынша ұшып келу уақытына дейін 96 сағаттан аспау керек.

3069