ruenkz

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Атырауда спорттық іс-шара өтті

Салынған уақыты 20.12.2020 14:48

      

«Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құрметіне арналған интелектуалды спорт ойындары: шашка, шахмат, нарды және теннистен ерлер мен әйелдер арасында спорттық іс-шара өтті. Жарыс коронавирус инфекциясы пандемиясы жағдайында санитарлық қауіпсіздіктің барлық талаптарын ескере отырып өткізілді. Жарысқа әртүрлі шеберлік деңгейдегі және жастағы филиал жұмыскерлері қатысты. Бұл үстел ойындары зор көңіл бөлуді және табандылықты қажет етеді. Соның ішінде екі адамдық ойын ішкі жағымды эмоцияны тудырады.

Мини-футболдан турнирге Атырау филиалының құрылымдық бөлімшелерінің 3 командасы қатысты: ӘҚҚ қызметі, РТЖБП қызметі және ӘШ бөлімі. ӘШ бөлім командасы жеңімпаз болып танылды, екінші орынды ӘҚҚ қызметінің командасы, үшінші орынды РТЖБП қызметінің командасы иеленді, сонымен қатар үздік спортшылар - үздік ойыншы, үздік қақпашы және үздік қорғаушы номинациялары бойынша анықталды.

Іс-шара жарқын эмоциялар мен жақсы көңіл-күймен аяқталды. Жеңімпаздар марапатталды: дипломдар, кубоктар мен сертификаттар берілді.

326