Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен!
Салынған уақыты 15.12.2020 13:12
Еліміз үшін бұл бостандықтың, мемлекетіміздің әл-ауқаты мен күш-қуатының символына айналған ерекше мереке. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың «Қазақстанның тәуелсіздігі тұрақты ұғым, ал оны сақтау әрбір азаматтың қасиетті борышы» деген сөздері бүгінгі күні еліміздің әрбір азаматының ұраны.
Тұрақтылық пен қоғамдық келісім, жауапты сыртқы саяси бағыт республиканың халықаралық беделінің өсуіне сенімді негіз болды.
Тәуелсіздік жылдары біз көптеген қиындықтарды бастан өткердік, бүгінгі жетістіктерімізге терең жол алдық. Бүгін біз гүлденген күшті елге айналдық, орнықты дамуға қол жеткіздік, әлеуетіміздің арқасында әлемде лайықты орынға ие болдық.
Елдің табысты дамуы мен тәуелсіздігі – халқының өсіп-өркендеуінің сенімді кепілі! Сондықтан, біз үшін бұл мереке Отанымыздың, өскелең ұрпақтың, тарихтың игілігі жолында айқын мақсаттарға қол жеткізуге әрдайым сенім мен серпін бермек!
Осындай айтулы күні «Қазаэронавигация» РМК ұжымы баршаңызға мықты денсаулық, амандық пен тұрақтылық тілейді! Шаңырағыңызда әрдайым шаттық пен бақ-береке болғай!
Тәуелсіздік күнімен!
5104