ruenkz

Жаңа вьетнамдық авиакомпания алғашқы ұшақты алды

Салынған уақыты 14.12.2020 16:52

Вьетнам нарығына тағы бір стартап-авиакомпания шығады: аттас тревел-агенттік негізін қалаған Vietravel Airline алғашқы Airbus A321 ұшағын сатып алды. Ұшақ 4 желтоқсанда Хошимин қаласының Таншоннят халықаралық әуежайына (IATA коды: SGN) келді. Бұрын ол Condor деп алаталын Германияның туристік тасымалдаушысының паркінде жұмыс істеген.

Сондай-ақ, бұрын израильдік Arkia авиакомпаниясы пайдаланған алыс қашықтыққа ұшатын A321LR ұшағына келісімшарт жасалды. Vietravel бес жыл ішінде паркті бес әуе кемесіне дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Аймақтағы тасымалдаушылар Airbus А320 тобының тар фюзеляжды ұшақтарын пайдаланғанды дұрыс көреді, сондықтан жаңа авиакомпанияда персонал жинаумен байланысты проблемалар туындамайды.

2020 жылдың басында Вьетнам азаматтық авиация агенттігі (CAAV) COVID-19 пандемиясының жағдайына байланысты жаңа тасымалдаушыларды лицензиялауды тоқтататынын мәлімдеді. Алайда, Vietravel үшін жеңілдік жасалды: шілде айында билік авиакомпанияның бизнес-жоспарын жан-жақты қарау нәтижесінде лицензия берді, содан кейін алғашқы коммерциялық рейс 18 желтоқсанға жоспарланған деп хабарланды.

 

3364