ruenkz

ҚР ИИДМ басшысы «Ресей тікұшақтары» компаниясының өкілімен кездесті

Салынған уақыты 14.12.2020 11:56

11 желтоқсанда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «Ресей тікұшақтары» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Сергей Фоминмен кездесті.

Кездесуде МИ-8 тікұшақтарын Алматы қаласында орналақан №405 зауытта құрастыру бойынша Қазақстан-Ресей бірлескен жобасын іске асыру аспектілері талқыланды.

Азаматтық нұсқадағы алғашқы тікұшақ құрастырылды, ұшу сынақтарынан өтті және Қазақстан ТЖМ бөлімшелеріне беру үшін дайындалды. Жыл бойы Қазақстанда құрастырылған 8 машинаны пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сергей Фомин Қазақстан зауытының инженерлері мен мамандарының кәсібилігі мен құзыреттілігіне тоқталды.

Кездесу барысында үш жыл ішінде құқықтық ресімдеу, қазақстандық тарапқа техникалық құжаттаманы беру жүргізілгені атап өтілді.

Бұл жұмыстың нәтижесі Қазақстанда құрастырылған алғашқы винтті МИ-8 машинасы болды.

Қазақстанда өнеркәсіптік кооперация және тікұшақтарды құрастыру туралы шешім 2015 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде РФ Президенті Владимир Путинмен кездесуі барысында қабылданды.

Бұл жобаны жүзеге асыру Қазақстан-Ресей өндірістік кооперациясының жақсы көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

3240