ruenkz

ААК авиация саласындағы маңызды оқиғалар бойынша есеп берді

Салынған уақыты 11.12.2020 16:22

Халықаралық Азаматтық авиация күні қарсаңында Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті осы жылы республикадағы осы сала үшін маңызды оқиғалар туралы есеп берді деп жазады АТО порталы. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі (AAK) 43 инспекциялық тексеру және 8 пайдаланушыға  сертификаттау жүргізді; нәтижесінде келесі алты оператордың қызметі тоқтатылды: Jet Airlines, Jenis Air, Azee Air, Phoenix, Qazaq Helicopters, MS AIR KZ. Екі оператордың сертификаттары қайтарылды. Олар - Bek Air және Sigma Airlines.

Осы жылы Қазақстан Азаматтық авиацияда қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы оқиғалардың алдын алу және басқару жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге (CAPSCA) қосылды, сондай-ақ шығарындылар туралы өзінің алғашқы баяндамасын ICAO-да өз еркімен ұсына отырып, халықаралық авиация үшін көміртегі диоксиді шығарындыларын өтеу және азайту жүйесінің (CORSIA) қатысушысы болды.

Өткен жылдың маңызды іс-шарасы Қазақстанның Еуропалық комиссиямен және Авиатасымалдар қауіпсіздігі жөніндегі еуропалық егенттікпен (EASA) өзара ынтымақтастық орнатуы болды. Азаматтық авиация комитеті Авиациялық әкімшілікпен бірлесіп толық есеп берді, оны қарау қорытындысы бойынша Еуропалық комиссия бүгінгі күні қазақстандық авиатасымалдаушыларды Еуропалық Одаққа ұшуға тыйым салынған авиатасымалдаушылар тізіміне (қара тізім деп аталатын) енгізу үшін негіз жоқ деп шешім қабылдады.

 

3364