ruenkz

Флорида әуежайында жолаушылар ұшаққа отырғызу кезінде биометриялық тексеруден өтеді

Салынған уақыты 11.12.2020 11:10

Форт-Лодердейл/Голливуд халықаралық әуежайы (IATA коды: FLL) Amadeus компаниясымен бірлесп, қазір барлық халықаралық рейстерге биометриялық тексеру арқылы отырғызуды қамтамасыз етеді. Жаңа процедура елден шыққан барлық халықаралық саяхатшылар үшін ұшаққа  биометриялық жолмен тексеру арқылы өтуді қамтамасыз етеді. Процедура АҚШ кедендік және шекаралық бақылау қызметінің (CBP) талаптарын сақтаумен орындалады деп хабарлайды АТО порталы.

Адамдардың бет-бейнесіне қарап танитын кіріктірілген технологияның арқасында Форт-Лодердейлден ұшатын жолаушылар енді отырғызу талонын ұсынудың орнына бет-бейнесін сканерлеу арқылы ұшаққа өтеді. Жолаушыны биометриялық тексеруден басқа, CBP талаптарына сәйкес, жолаушының бронь жасауын тексеру, сондай-ақ авиакомпанияның ұшуды бақылау жүйесінде (DCS) автоматты тіркеу жүзеге асырылады.

Бұл сервис жеке ақпарат саласындағы заңнамалық нормаларға сәйкес келетінін атап өту маңызды, өйткені ешқандай жеке биометриялық деректер әуежай мен басқа авиакомпаниялар тарапынан сақталмайды. Жолаушыны сәтті верификациялау фактісі бойынша бірегей ID жасалады және авиакомпания нақты жолаушының ұшақ бортына көтерілетіні және көрсетілген орынды иеленетіні туралы ескертіледі. Amadeus биометриялық қону шешімі қазір FLL әуежайындағы барлық халықаралық авиакомпанияларға қолжетімді және қауіпсіз саяхаттаудың бір шешімі болмақ.

 

3118