Италия мен АҚШ бірқатар әуе рейстерін міндетті карантин шараларынсыз іске қоспақшы
Салынған уақыты 10.12.2020 09:48
Интерфакс Италия билігі эксперимент түрінде Римнен АҚШ-тың кейбір қалаларына рейстер бастауды жоспарлап отырғанын жазады. Бұл рейстердің жолаушылары міндеттелген карантин шараларынан өтпейді.
«Фьюмичино» әуежайы мен Alitalia және Delta Air Lines авиакомпаниялары арасында әуе қатынасын эксперименталды түрде ашу туралы келісімге қол қойылды. Рейстер желтоқсан айынан басталады. Сонымен, Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайынан, сондай-ақ Ньюаркт (Нью-Джерси штаты) және Атлантадан (Джорджия штаты) Римге келген жолаушылар екі ПТР сынағын: біреуі ұшар алдында 48 сағат бұрын, екіншісі Римге келгеннен кейін тапсырған болса, карантинді сақтамауы мүмкін.
«Фьюмичино» әуежайында нәтижесі жарты сағатта дайын болатын жедел тест алу қызметі ұсынылады. Сарапшылар мұндай «әуе дәлізінің» тиімділігін бағалап, оны
2021 жылы қолжетімді ету қажет пе, жоқ па екенін шешеді. Мұндай рейстерді кейінірек Римнен Мюнхен мен Франкфуртқа іске қосу жоспарда бар.
3066