Әуе қауіпсіздігі үшін жаңа қауіп арадан болып отыр
Салынған уақыты 09.12.2020 13:49
Австралияға Латын Америкасынан әкелінген жалғыз тіршілік ететін Pachodynerus nasidens аралары фюзеляждағы ауа қысымын қабылдағыштарда ұя сала бастады. Ғалымдар бұл жағдай апатқа әкелуі мүмкін дейді Tengritravel.kz.
Аралар сенсорлардың құрамына кіретін Пито түтіктеріне ұя салып, оны бітеп тастайды, бұл құралсыз ұшқыштар ұшу немесе қону жылдамдығын анықтай алмай, апатқа ұшырауы мүмкін. Осы күнге дейін мұндай проблемалардың себебі осы аралар мен олардың түтіктердегі ұялары екендігі туралы тікелей дәлелдер болған жоқ. Сондықтан ғалымдар эксперимент жүргізіп, оның барысында Пито түтіктерін тек Pachodynerus nasidens аралары салған ұялар бітеп тастайтынын көрсететін 93 жағдайды анықтаған.
Зерттеу авторлары популяцияны бақылау немесе оны толығымен жою шараларын қолдануға шақырады. Ұшақтарды қорғау үшін олар әуежайларға жәндіктер тұзақтарын орнатуды және қонғаннан кейін түтіктерді жабуды ұсынады. Айта кетейік, мұндай проблема алғаш рет 2013 жылы Сингапурға бет алған А330 Etihad Airways ұшағында болған. Ол ұшып шыққаннан кейін бірнеше минуттан соң кері бұрылып, қонуға мәжбүр болған. Жерген қонған кезінде жұмысшылар Пито түтігі балшықпен толықтай бітеліп қалғанын анықтаған.
3084