«Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығы TRAINAIR PLUS ICAO Басқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды
Салынған уақыты 08.12.2020 17:12
«Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығы ИКАО-ның TRAINAIR PLUS бағдарламасының толық құқықты қатысушысы бола отырып, 2020 жылғы қараша айында TRAINAIR PLUS ИКАО (TPP) бағдарламасы Басқарушы комитетінің мүшелерін сайлауға өз кандидатурасын ұсынды.
2020 жылғы 30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында аталған комитетке кандидаттардың сайлау алды компаниясы өтті. Оған Орталық TRAINAIR PLUS ICAO бағдарламасының барлық кандидаттары мен қатысушыларына сайлау алды бағдарламасын тарата отырып, белсенді қатысты.
7 желтоқсанда ИКАО жаһандық авиациялық дайындық кеңсесі дауыс беруді қорытындылады. Осылайша, «Қазаэронавигация» РМК дауыс беру қорытындысына сәйкес Катар авиация академиясы, Гонконг халықаралық авиация академиясы, Египет азаматтық авиация академиясы сынды азаматтық авиация мектептерінің көшбасшыларын басып озып, 3 жылдық кезеңге TRAINAIR PLUS ICAO Басқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды.
Бұл сайлау нәтижелері «Қазаэронавигация» РМК-ның шетелдік азаматтық авиация мектептері өкілдерінің алдындағы жоғары беделін көрсетеді, сондай-ақ Кәсіпорынның тиімді халықаралық қарым-қатынасының куәсы.
TRAINAIR PLUS ICAO (TPSC) Басқарушы комитеті туралы қысқаша мәлімет:
TPSC TPP ICAO бағдарламасын дамыту және жетілдіру бойынша ұсынымдар береді. TPSC авиациялық мамандарды даярлау стандарттарын пайдаланушылар үшін тиімді және ыңғайлы ету үшін бағдарламаның стратегиялық жоспарлауды жақсарту бойынша ұсыныстарды дайындап, қарауға енгізеді.
TPSC ИКАО TPP бағдарламасы мүшелерінің барлық санаттары арасында байланыс механизмін енгізуге және әр қатысушының есебін жүргізуге жауапты болады. Демек, комитет мүшелері келесі салаларға қатысады:
- ұзақмерзімді перспективада ИКАО TPP стратегиялық дамуы;
- бағдарлама қызметінің жаңа түрлерін әзірлеу және енгізу;
- барлық мүшелердің стратегиялық жоспарлауға қатысуын қамтамасыз ету үшін байланыс тетігін енгізу;
- ИКАО TPP бағдарламасының оған қатысушылардың қажеттіліктерін көрсетуін және қанағаттандыруын қамтамасыз ету;
- бағдарламаларды әзірлеу және курстармен алмасу процесі және т.б.
Аталған комитетке мүшелік ету Орталыққа азаматтық авиация саласындағы мамандарды даярлау жөніндегі халықаралық қоғамдастықта өзара іс-қимыл жасауға және ынтымақтастық орнатуға, сол арқылы күнделікті өзгеріп жатқан жаһандық даярлық жағдайында маңызды стратегиялық шешімдерге қатысуға және халықаралық деңгейде өз позицияларын нығайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, 3 жылдық мерзімге ИКАО TPP Басқарушы комитетінің мүшелігіне кірген Орталық TRAINAIR PLUS ICAO бағдарламасы бойынша одан әрі ілгерілеуді және Өңірлік оқу орталығы мәртебесін алу процесін жеделдетуді қамтамасыз етті.
6522