IATA басшысы бүкіл әлем бойынша шекаралардың толықтай ашылу мерзіміне болжам берді
Салынған уақыты 07.12.2020 10:39
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) басшысы Александр де Жуньяк Lenta басылымына берген сұхбатында: «Бүкіл әлем бойынша шекаралар толықтай 2021 жылдың ортасына таман ғана ашылуы мүмкін» деген болжам айтқан.
Әуе шекараларының ашылуына коронавирусқа қарсы вакцинация және әлем елдерінде тестілеудің кең таралуы ықпал етеді, бұл өте маңызды, өйткені кейбір жолаушылар вакцинациядан бас тартуы мүмкін.
IATA басшысының айтуынша, әлемде ұшудың міндетті шарты ретінде вакцинацияны енгізуге ниетті Австралиялық Qantas сияқты авиакомпаниялар бар.
3005