ruenkz

Атырау филиалы аспан мен үйде де бұлтсыз ашық кеңістікті, тыныштықты тілейді!

Салынған уақыты 07.12.2020 10:21

Атырау филиалы өз өмірін азаматтық авиацияға арнаған зейнет жасындағы қызметкер – ұшу басшысы Жантілеу Атнашұлы Сағынәлиевтің зейнеткерлікке шығуына байланысты оған аспан пен үйде де бұлтсыз ашық кеңістікті, тыныштықты тілейді.

Азаматтық авиация ардагері Жантілеу Атнашұлы 1979 жылы Алматы қаласындағы ОЖ отрядын оқып бітірді, кейін Гурьев авиаотрядына жұмысқа орналасты. Жоғары білімді, «Алматы» университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірді. Ол радиооператор лауазымынан бастап ӘҚҚ қызметінің ұшу басшысына дейінгі жолдарды өтті. Азаматтық авиацияда 43 жылдан астам уақыт жұмыс жасады. Бірнеше рет «Құрмет грамотасы» әртүрлі марапаттарымен наградталды, жақында оның кандидатурасы «Құрметті авиатор» марапатын алуға ұсынылды. Салада жұмыс жасаған жылдары өзін сауатты, еңбексүйгіш және жауапты қызметкер ретінде көрсетті, әріптестерінің алдында құрмет пен беделге ие, жас мамандарға көмек берген, бірақ талап қойғыш жетекші бола білді. Ол тек қана кәсіби авиатор ғана емес, отбасында үлгілі және қамқор әке. Сүйікті жары Жияз екеуі үлгілі төрт баланы жақсы тәрбиелеп өсірді және немерелерін махаббат пен қамқорлыққа бөлеп, өсіруге көмектесіп отыр.

199