ruenkz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Салынған уақыты 04.12.2020 14:15

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесуі барысында ынтымақтастықты нығайту және әріптестікті дамыту перспективалары талқыланды.

Министр мен елші тау-кен өндіру және өңдеу секторларындағы америкалық компаниялармен өзара іс-қимылды тереңдетудің қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктерін, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей әуе қатынасын дамытуды талқылады.

Америкалық компаниялар Қазақстан үшін ірі инвесторлардың бірі болып табылады. АҚШ фирмалары Қазақстанда дамып жатқан индустриялық секторлардағы маңызды жобаларды іске асыруға 53 миллиард доллардан астам қаржы салды. Бүгінгі таңда көлік, энергетика, медицина, инновация салаларында американдық капиталдың қатысуымен 700 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Кездесуге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен АҚШ Елшісінің экономика жөніндегі кеңесшісі Тимоти Тиммонс қатысты.

 

3206