ruenkz

Жүк ұшақтарының әлемдік флоты алдағы екі онжылдықта 60%-ға артады

Салынған уақыты 04.12.2020 08:34

Boeing алдағы 20 жылда жүк авиатасымалдарына сұраныстың тұрақты өсетінін болжап отыр. Жақын арада нарық COVID-19 пандемиясының әсерінен, одан әрі электрондық сауда көлемінің күрт артуымен жанданатын болады, деп хабарлайды АТО порталы.

Зерттеулерге сәйкес, әлемдегі жүк әуе тасымалдарының көлемі алдағы 20 жыл ішінде жыл сайын 4%-ға өсетін болады. Өсім электрондық сауданың серпілісі және әлемдік экономиканың қалпына келуі жағдайында жедел жеткізу нарығының жоғары динамикасына байланысты. Осы жағдайларды ескере отырып, әлемдегі жүк әуе кемелерінің флоты 2039 жылға қарай 60 %-дан асады деп күтілуде, COVID-19 пандемиясына дейін екі таңбалы өсу қарқынын көрсеткен электронды сауда жүк тасымалы нарығына әсерін күшейтті, өйткені көптеген компаниялар онлайн-сатылымдарды бастайды. 2020 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін экспресс-тасымал көлемі өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға артты.

2020 жылдың қаңтар-қазан айларында 200-ге жуық авиакомпания арнайы жүк рейстерін орындау үшін 2000-нан астам кең фюзеляжды жолаушылар ұшақтарын пайдаланды. Бұл тасымалдаушыларға өздері үшін ақша ағынын құруға және қоғам үшін маңызды логистикалық міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. "Жүк" жолаушылар лайнерлері тасымалдау сыйымдылығының тапшылығын ішінара жауып, жолаушылар тасымалының төмендігіне қарамастан авиакомпанияларға тоқсандық пайда әкелді.

2871