ruenkz

Ақтау әуеайлағында ІҚҚ жөнінде байланысты оқулар

Салынған уақыты 03.12.2020 14:15

Ақтау әуежайында 2020 жылғы 26 қарашада «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалының жауапкершілік аймағында іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде байланыс оқу-жаттығулары өтті.

Оған «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалы ӘҚҚ қызметі диспетчерлерінің кезекші ауысымы және «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақ экипажы жұмылдырылды. Оқу-жаттығу әр аймаққа арналған іздестіру және құтқару жөніндегі байланыс оқу-жаттығулары өткізу әдістемесіне сәйкес жүргізілді. Алдын ала ӘҚҚ қызметі жеке құрамының жиналысы өткізілді, оған Әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығының мамандары қатысып, ұшуларды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі презентацияны ұсынды.  

Жоғарыда аталған оқу-жаттығулардың мақсаты барлық іздестіру-құтқару күштерінің дағдыларын, өзара әрекеттестік жүйесін, олардың арасындағы байланыс пен үйлесімділікті, оның ішінде Ақтау әуеайлағында орналасқан іздестіру-құтқару әуе кемесі экипажының және ӘҚҚ қызметінің кезекші ауысымының дайындығын   тексеру болып табылды.

Оқу-жаттығу жүргізу барысында іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге жұмылдырылған барлық күш пен құралдардың нақты апаттық жағдай туындағанда дабыл сигналына әрекет етуге дайындығының жоғары деңгейде екендігін көрсетті.

200