IATA: "Салаға 70-80 млрд доллар көлемінде қосымша қолдау қажет"
Салынған уақыты 02.12.2020 16:07
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) бас директоры Александр де Жюниактың айтуынша, COVID-19 пандемиясынан туындаған дағдарыстың салдарын жеңу үшін әлемдік авиакөлік саласына 70-80 млрд доллар мөлшерінде қосымша мемлекеттік көмек қажет, деп жазады La Tribune басылымы.
IATA басшысы кезекті рет вакцина кеңінен қолжетімді болғанға дейін жолаушыларды қайтаруға көмектесетін COVID-19 үшін үйлестірілген тестілеу бағдарламасын жасауға шақырды. Де Жюниак демалыс орындарына туристер легі жағдай жақсарғаннан кейін бірден қалпына келетініне сенім білдірді. Іскерлік сапарлар нарығы баяу қалпына келе бастайды, ал бейнеконференциялар кездесулерді көзбе-көз өткізуді және кәсіпорындарға жеке баруды ешқашан алмастыра алмайды, сондықтан уақыт өте келе бұл сегмент те қалпына келеді, дейді IATA басшысы.
Келесі жылы әлемдік жолаушылар ағыны 2,8 млрд адамды құрауы мүмкін, жүктеме коэффициенті - 72,7%. 2021 жылдың ортасына қарай шекаралар ашылады (тестілеу арқылы немесе вакцинаның қолжетімділігі есебінен) деген болжамға сүйене отырып, саланың жалпы кірісі 459 миллиард долларға дейін өседі деп күтілуде.
2834