ruenkz

Түркістан әуежайы алғашқы тұрақты рейсті қабылдады

Салынған уақыты 02.12.2020 11:45

2020 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Түркістан қаласы әуежайының ұшу жолағына алғашқы ұшақ қонды. Түркістан мен Нұр-Сұлтан қалалары арасында қатынайтын алғашқы тұрақты рейсті отандық лоукост - "Fly Arystan" тасымалдаушысы орындады.

Алғашқы Нұр-Сұлтан-Түркістан рейсіне 168 авиабилет (жүктеме 93%), кері бағытта - 161 авиабилет сатылды (жүктеме 92%).

Түркістан халықаралық әуежайы – іргетасынан бастап жаңадан салынған Қазақстанның алғашқы әуежайы.

Бірінші кезеңде қазақстандық "Fly Arystan", "Qazaq Air" және "SCAT" авиакомпаниялары Түркістанды Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларымен, сосын еліміздің басқа облыс орталықтарымен күнделікті рейстермен байланыстырады.

Алғашқы халықаралық бағыттар Ыстамбұл мен Дубайға ашылады деп жоспарланып жатыр. Әуе қатынасы мен сала қалпына келген соң Мәскеу, Баку, Самарқанд және басқа қалаларға рейстер ашылады.

Шетел авиакомпанияларын қолдап, ұшу географиясын кеңейту үшін Түркістан қаласының халықаралық әуежайы "ашық аспан" режимінде жұмыс істейді.  Мақсат - шетелдік туристерді түркі әлемінің рухани орталығына көптеп тарту.

Әуежайдың жалпы ауданы – 905,3 га, жолаушылар терминалының ауданы – 10,5 мың м2, ұшу-қону жолағының көлемі – 3 300х45 м, өткізу қабілеті – сағатына 450 жолаушы.

5330