ruenkz

IATA әуе қатынасын қалпына келтіру үшін «ковидтік» жол жүру құжатын шығаруды жоспарлап отыр

Салынған уақыты 26.11.2020 08:45

Қауымдастықтың баспасөз хабарламасында: «Мемлекеттер саяхатшылар үшін шекараларын карантиндік шараларсыз ашқан жағдайда COVID-19 таралу қаупін шектеу үшін тестілеуді қолдана бастады», —  делінген.

IATA Travel Pass мемлекеттер, авиакомпаниялар, зертханалар мен саяхатшылар арасындағы тестілеу немесе вакциналар туралы қажетті ақпарат ағынын басқарып, тексеріп отырады деген болжам бар.

Жол жүру құжатын сынап көру осы жылдың соңына, оны толыққанды іске қосу — 2021 жылдың I тоқсанына белгіленген.

Бұған дейін IATA COVID-19 коронавирустық инфекциясының ұшақ бортында болу ықтималдығы төмен деп хабарлаған болатын.

 

3022