ruenkz

Елордалық әуежай Еуроодақ сертификатын алды

Салынған уақыты 25.11.2020 08:32

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Еуропалық Одақ елдерінің аумағына авиациялық жүк тасымалдауды оңайлату үшін қажетті шарт болып табылатын RA-3 (Regulated Agents Third country) сертификатын ресімдеу процесін аяқтады деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы расталған мәртебесі бар Қазақстандағы жалғыз әуежай болып табылады. Бұл сертификаттың болуы авиакомпанияларға астаналық әуеайлақтан авиациялық қауіпсіздік тұрғысынан қандай да бір шектеулерсіз Еуроодақ елдеріне жүк тасымалдарын орындауға мүмкіндік береді. "Шын мәнінде, алдын ала аудит кезінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы процедураларының сапасы маған қатты әсер етті. Маған әуежайдың қызметкерлері арасында байқалатын мықты "қауіпсіздік мәдениеті" қатты таң қалдырды", - деді RA-3 сертификаттауын жүргізген ЕО тәуелсіз валидаторы. Бұл сертификат елордалық әуежайдың жүк терминалында жүктердің барлық түрлері үшін жүргізілетін жүктерді өңдеу процесінің Еуропалық қауіпсіздік стандарттарына толық сәйкес келетіндігін растайды.

"RA-3 сертификаттауына жүк терминалы объектілерінің кешенді аудиті, авиациялық қауіпсіздік процедуралары, сондай-ақ персоналды оқытумен байланысты ішкі процедуралар кірді. Сонымен қатар, жоғары технологиялық жабдықтар мен білікті кадрлардың болуы аудит нәтижелеріне оң әсер еткенін атап өткім келеді. RA-3 мәртебесінің болуы жағдайды толығымен өзгертеді: осы сәттен бастап барлық авиатасымалдаушылар ЕО елдеріне жүк тасымалдау құқығын автоматты түрде пайдалана алады, бұл кез келген (соның ішінде еуропалық) авиакомпанияларға елордалық әуе қақпалары арқылы операцияларды еркін орындауға мүмкіндік береді".

3008